Ырғызбай ата кесенесін абаттандыруға 200 млн теңге бөлінбек - Туризм|20 Маусым 2017, 20:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ырғызбай ата кесенесін абаттандыруға 200 млн теңге бөлінбек

Тарбағатай ауданында орналасқан Ырғызбай Досханаұлының кесенесі туристік нысанға айналмақ, деп хабарлайды Baq.kz.

Кесенеге келушілердің саны жылдан жылға артып келе жатқандықтан, аудан басшылығы оларға қолайлы жағдай жасамақ.

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев мәлімдегендей, биылғы жылдан бастап инфрақұрылымды дамыту барысы толықтай қолға алынған.

«Егер келуші туристердің есептесек, жылына кесенеге 5 мыңға жауық туристер келеді. Оның көбісі Ресейден келетін демалушылар. Туристік мекен болғандықтан, ол жерге электр, су желілерін тартып, абаттандырып, келушілерге қолайлы жағдай жасауымыз қажет», – деді Ділдәбек Оразбаев.

Кесененің абаттандырылуның өзіне-ақ 200 млн теңге қаражат бөлінбек. Жоба бойынша кесенеге апаратын жол күрделі жөндеуден өтіп, кесене маңына гүлдер отырғызылып, ішіне субұрқақ орнатылмақ. Биыл басталатын жоба келесі жылға дейін созылатын болады.

Айтып өтсек, Ырғызбай ата кесенесі Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының солтүстік-батысында орналасқан. Аңыз бойынша Ырғызбай Досханаұлы шөптермен түрлі дерттерді емдеп, сынықшы болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер