BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ырғызбай ата кесенесі туристік орынға айналмақ

Туризмнің дамуы мақсатында күрделі жобалар іске асып жатқан Шығыс Қазақстанда орналасқан Ырғызбай ата кесенесі де туристік орынға айналмақ. Бұл жайлы баспасөз мәслихаты барысында Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Аудан басшысы айтып өткендей, осы уақытқа дейін Ырғызбай ата кесенесі ешандай мекеменің меншігінде болмаған. Тек биылғы жылы құжаттары жөнделіп, аудандық мәдениет бөліміне тапсырылды. Енді келер жылдан бастап инфроқұрылымды жақсарту жағдайы қолға алынбақ.

«Ырғызбай ата кесенесіне келушілердің саны жылдан жылға артып келеді. Бірақ өздеріңіз білетіндей, туристерге қолайлы жағдай жасау қажет. Сондықтан келер жылдан бастап инфроқұрылымды жақсартып, электр желісін тартып, жолды жөндеуден өткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде», ­- деді Ділдәбек Оразбаев.

Айтып өтсек, Ырғызбай ата кесенесі Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының солтүстік-батысында орналасқан. Аңыз бойынша Ырғызбай Досқанұлы шөптермен түрлі дерттерді емдеп, сынықшы болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер