EXPO көрмесi кезiнде Астанаға 3 миллион турист келдi - Туризм|28 Тамыз 2017, 11:18
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

EXPO көрмесi кезiнде Астанаға 3 миллион турист келдi

Биылғы жылдың 10 маусымында басталған EXPO-2017 көрмесi кезiнде Астанаға 3 миллионнан астам турист келген. Бұл туралы Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Малика Бектұрова биыл бiрiншi рет ұйымдастырылып отырған Жiбек жолы елдерi бiрлескен инновацияларының халықаралық форумы барысында айтты. Атап өтсек, көрме 10 қыркүйекке дейiн жалғасады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз 2020 жылға арналған Астананы дамытудың стратегиясына өзгерiстер енгiзiп, бiрқатар нақты индикатор белгiледiк. Ендi оларды жақын арада жүзеге асыру керек. Алға қойылған мақсаттарға жетуге ЭКСПО-2017 көрмесi мен оның аясында өтiп жатқан шаралар ықпал етуде. Елорданың туристiк әлеуетiн арттыру үшiн көптеген жұмыстың атқарылып жатқанын көрiп отырмыз. Мысалы, биыл ЭКСПО көрмесiнiң өткiзiлу барысында ғана Астанаға 3 млн астам турист келген. Бiз 150-ден астам iрi форум мен конференция өткiздiк. Әрине, бұның барлығы iскерлiк туризм саласында қаланың әлеуетiн одан әрi арттыруға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ, спорттық және мәдени шаралар да ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, кешегi марафон да ШЫҰ аясында өттi. Бұның барлығы Астананы тұрақты қала ретiнде қалыптастыру жоспарын жүзеге асырудың бiр бөлiгi саналады. Тұрақты қала деп бiз бiрiншi кезекте тұрғындар үшiн ашық, қауiпсiз, өмiр сүруге қолайлы, ақылды қала деп түсiнемiз», - дейдi Бектұрова.

Әкiм орынбасарының айтуынша, тұрақты қала қалыптастыру үшiн тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, оларды баспанамен қамту, елорданы тұрғындардың өмiр сүруi үшiн қолайлы ету қажет.

«Қазiргi таңда елордада 400 гектардан астам саябақ бар. Сонымен қоса, бiз 19 гүл бағы мен желекжол, 92 шаршы метрден астам аумаққа жайғасқан жаңа ботаникалық бақ салу бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Астана экономикалық және экологиялық жағынан тұрақты қалаға айналуы тиiс», - дедi Малика Бектұрова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер