Еліміздің төрт өңірінде Сапар орталығы ашылады – Берік Әбдіғалиұлы - Туризм|16 Қыркүйек 2017, 22:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздің төрт өңірінде Сапар орталығы ашылады – Берік Әбдіғалиұлы

Фото: Абзал Қалиев

Еліміздің төрт өңірінде туристерге өлкенің тарихымен танысуға, қонуға мүмкіндік беретін Сапар орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін «Кентайдан Ұлытауға дейін» ІІІ халықаралық экспедициясының Ұлытаудағы отырысында «Қасиетті Қазақстан» орталығының басшысы Берік Əбдіғалиұлы мəлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы жерде аудандық музей ашылайын деп жатыр, онда өңірдің тарихы көрініс табады. Елбасымыздың тапсырмасымен еліміздің төрт өңірінде Сапар орталығы ашылмақ. Оның біреуі Ұлытауда бой көтереді, яғни келесі жылы үлкен құрылыс басталады. Мəдениет жəне спорт министрлігінде тиісті шешім қабылданды. Қазір ақшасын есептеп жатыр. Сапар орталықтары келген қонақтарға өлкенің тарихымен танысуға, қонуға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, Таңбалыда, Отырарда, Сарайшықта және Отырарда Сапар орталығы құрылады. Бұл да біз үшін үлкен көмек, үлкен қолдау», - деді Берік Əбдіғалиұлы.

Оның айтуынша, болашақта жол мәселесі де шешіліп, туристерді көптеп тартуға барлық жағдай жасалады.

«Тарихи сананы, мемлекетшілдік сананы қалыптастыруда бұл жұмыстардың орны ерекше. Әсіресе, өзіміз мақтан ететін Ұлытаудың тарихын насихаттаудың маңызы зор. Əрине, қазақтың барлық жері қасиетті, киелі, оны бәріміз мойындаймыз. Дегенмен қазақтың рухани астанасы Түркістан болса, тарихи астанасы – Ұлытау», - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, кеше түркі әлемінің ғалымдары мен тариxшылары, арxеологтар мен түркологтар, журналистер «Кентайдан Ұлытауға дейін: тариxи жадының жаңғыруы» атты xалықаралық экспедицияға сапарға шықты.

Жалпы экспедиция Моңғолияның Шивеет улан ғұрыптық кешенінен басталған болатын.

Қазақстан, Түркия, Ресей, Қырғызыстан, Моңғолия, Әзербайжаннан 40 кісі қатысып отырған маңызды шараны Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер