Елімізде туристік полиция қызметі пайда болады  - Туризм|24 Қыркүйек 2018, 13:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде туристік полиция қызметі пайда болады 

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен туристік саланы дамыту атты үкімет сағатында туристерге арналған полиция қызметін құру бастамасы көтерілді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ең алдымен депутат Ирина Смирнова ІІМ-ге құқық қорғау органдары қызметкерлері туралы туристер арасында жағымсыз пікір қалыптасқаны туралы сауалын жолдады.

«Әрине, туризмді дамыту үшін көп мәселе шешімін табуы тиіс. Сырттан келетін туристер үшін әуежай мен вокзалға келіп түскеннен, еліне кеткенге дейінгінің бәрі маңызды. Құқық қорғау құрылымының қызметіне қатысты туристер ұшырайтын кедергілер туралы жағымсыз пікірлерге жиі куә боламыз. Бұл мәселе өзара қатынас пен түсіністікке байланысты болып отыр. ІІМ құқық қоргау органдары қызметкерлерінің мәдениетін, этикасы мен стилін қалыптастыруда қандай шаралар қабылдап жатыр?» - деп сұрады депутат ІІМ өкілінен.

ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов полицейлердің жұмысына қатысты жекелеген жағымсыз пікірлер барын мойындады.

«Құқық қорғау құрылымының қызметі туралы жағымсыз пікірлерге қатысты айтар болсақ, иә, мұндай жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ бұл жаппай сипат алып отыр деуге келмейді. Полицейлер жіберетін бұзушылықтарға қатысты ІІМ, соның ішінде жеке қауіпсіздік департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Соған сәйкес қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады», - деді ол.

Ол туристермен тікелей жұмыс істейтін арнайы полиция қызметін құру бастамасы зерделеніп жатқанын атап өтті.

«Жағымсыз пікірлерге қарағанда жақсы пікірлер көп. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Алматыдағы Азия ойындары секілді шаралар полицияның шетел азаматтарына жеткілікті жәрежеде қызмет көрсететінін дәлелдеді. Бүгінде Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту аясындағы тапсырмасы бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрі есеп бергенде ішкі істер органдарындағы кадрларды іріктеу жүйесі толықтай қайта қаралатынын айтты. Қазір біз туризм саласын қолдау мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бірқатар мәселелерді айттық. Соның бірі – туристермен тікелей жұмыс істейтін туристік полицияны құру. Онда белгіленген функциялары бар. Қазір халықаралық тәжірибені зерттеп жатрмыз», - деді ол.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туризмді дамыту үшін туристік полиция қызметін құру қажет болып отырғанын, бұл бастаманы қолдайтынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер