ЭКСПО кезінде Астанада ең арзан қонақ үйлер жұмысын бастайды - Туризм|28 Мамыр 2017, 13:06
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЭКСПО кезінде Астанада ең арзан қонақ үйлер жұмысын бастайды

Қазақстан астанасында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында қосымша 11 қонақүй ашылады, деп хабарлады Астана әкімдігі медиа-орталығы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбековке сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Астанада 180-ге жуық қонақүй жұмыс істейді. ЭКСПО кезеңінде тағы 11 қонақүй ашу жоспарлануда. Қонақүй қоры 13 мың орынды құрайды. Сондай-ақ 45 хостел жұмыс істейді. Екі аптадан кейін бізде 400 орындық хостелдер іске қосылады», - деді Адамбеков.

Ол хостелдерде - Еуропада және әлемнің дамыған елдеріндегідей жағдайлар қарастырылған. Оның басты ерекшелігі - орналасудың бюджеттік нұсқасы. Жалға алу құны 5 мың теңгеден аспайды. Хостелдер көрмені 300-ге жуық орынмен қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.

«2016 жылы Қазақстан хостел қауымдастығын құрдық және онда тұру бағасы 5 мың теңгеден аспайтындай уағдаластық», - деп еске салды «Астана Конвеншн Бюро» басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, қазіргі тұрғылықты жердің бюджеттік түрі Астанада ғана емес, Алматы, Ақтөбе, Қазақстанның басқа да қалаларында кеңінен таныла түсуде. Көрме қонақтары арасында хостелге деген сұраныс ерекше болады деп жоспарлануда.

inform.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер