Даниал Ахметов: Алакөл ең әйгілі орындардың бірі болады - Туризм|04 Тамыз 2017, 14:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Даниал Ахметов: Алакөл ең әйгілі орындардың бірі болады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына барған сапарында Алакөлге ат басын бұрып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Аймақ басшысы бұл орынға туристерді тарту мақсатында не істеу керектігін түсіндіріп, тың идеяларымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, Даниал Ахметов Алакөлдің Шығыстағы бөлігіндегі абаттандыру жұмыстарын ерекше қадағалауында ұстап отыр.

«Алакөл Қазақстандағы ең әйгілі орынардың бірі болады. Біз алғаш қадам жасап, 2 миллиард теңге бөліп, 550 миллион теңгені абаттандыруға жұмсадық. Негізгі жұмыстар істелді. Нәтиже бар», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесу кезіне жағалаудағы сауда нүктелерін қайта жаңғыртуың екі нұсқасы барын түсіндірді. Біріншісі, жұмыстар облыс бюджетінің есебінен жүргізіліп, кәсіпкерлер кейіннен ғимараттарды жалға алатын болады немесе кәсіпкер өз қаржысын жөндеу жұмыстары мен абаттаныруға салады.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов келесі жылы жағалауды абаттандырып, жергілікті «арбатты» 500 метерге кеңейтуді көздеп отыр. Шығысқазақстандықтар үшін әуе жолына жеңілдіктер қарастыруды да қолға алмақ. Жобалардың бірі – «Өскемен» - «Шар» - «Жалаңашкөл» бағытында теміржол байланысын орнату да жоспарда бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер