Бурабай курорттық аймағына 500 млн доллар инвестиция салынады - Туризм|01 Ақпан 2018, 15:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бурабай курорттық аймағына 500 млн доллар инвестиция салынады

Фото: Гүлжан Раманқұлова

«Щучинск-Бурабай» курорттық аймағының құрылысына салынатын инвестиция сомасы 500 млн долларды құрайды. Бұл туралы «Kazakh Tourizm» ҰК төрағасы Данияр Күзембаев «Щучинск-Бурабай» курорттық зонасын дамыту жобасының таныстырылымында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Курорттық аймақта әрүрлі санаттағы қазіргі заманға сай бірнеше қонақүй салынады. Бұдан бөлек, көңіл көтеру орталықтары, аквапарк, мұз айдыны, мейрамханалар салынса, үшінші кезеңде тұрғын үйлер, яғни жеке резиденциялар салу жобасы тұр. 2018 жылы жол, су құбыры, канализация жеткізіледі. Келген инвесторларға нысандар тұрғызу үшін барлық жағдай жасалатын болады», - деді «Kazakh Tourizm» төрағасы Рашид Күзембаев.

Оның айтуынша, бұл жобаға Үлкен Шабақты мен Текекөл көлдерінің жағасынан 233 гектарлық жер бөлінген. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 500 млн долларды құрайды, дегенмен бұдан артық сома қажет болуы мүмкін.

«Ең бірінші отандық инвесторларға назар аударамыз. Бұдан бөлек, ресейлік, польшалық инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Біз жолдың басында ғанамыз, сол себепті араб елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері тарапынан да қызығушылық бар», - деді Рашид Күзембаев.

«THR» компаниясының президенті Кристоф Де Брюин курорттық аймаққа келген туристерден түсетін табыс өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететінін айтты.

«Жаңа курорттық аймақтың деңгейі халықаралық стандарттарға сай келеді деп күтіп отырмыз. Шетелдік курорттарға баратын қазақстандықтар қолжетімді сомада осы жерде де демала алады», - деді Кристоф Де Брюин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер