BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

BBC World News телеарнасы Қазақстан туралы кезекті роликті көрсетіп жатыр

Британиялық BBC World News телеарнасының эфирінде Қазақстан туралы кезекті бейнеролик шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

«BBC World News телеарнасында тағы бір жарнамалық науқан басталды. Бұл жарнамалық науқанға арналған роликті біз жазда түсіріп қойғанбыз. Жобаның ерекшілігі, біз Қазақстан табиғатының әсемдігіне 19-шы ғасырда өмір сүрген британиялық географ Томас Аткинсон мен оның әйелі Люси Аткинсонның көзімен қарауға мүмкіндік алдық. Біз Люси мен Томас Аткинсон картиналарында суреттелген Қазақстанды көрсетуге тырыстық. Менің Англия мен өзге де елдердегі достарым Томас пен Люсидің таңғажайып оқиғасынан хабардар. Өкінішке қарай, олардың дені қазіргі заманғы Қазақстан жайында біле бермейді. Осы шағын ғана фильмді тамашалағаннан кейін ең кемі 444 миллион адам (BBC World News телеарнасының халықаралық аудиториясы) бұл әдемі елдің сұлулығына сүйсініп, қызығушылық танытады деген үміттеміз», - деп жазған фейсбуктегі парақшасында BBC Worldwide коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер