Баянауылда туристік маусым ашылды - Туризм|19 Маусым 2018, 14:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Баянауылда туристік маусым ашылды

Фото: Автор

Жер жәннаты атанған Баянауыл өңірінде туристік маусым ашылды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Сала мамандарының айтуынша, киелі өлке туристерді танымдық экскурсиялар мен қасиетті жерлерімен таң қалдырмақ. Биылғы жылы Баян жеріне 200 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.

Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтың айтуынша, былтырғы жылы бұл жерде 150 мыңнан астам адам демалған.

«Қонақжайлығымыз – ұлттық бренд. Баянауыл өлкесін тартымды ететін де бойымызға қанмен сіңген қонақжайлылық деп білемін. Біз жаңа туристік маусымға тыңғылықты дайындалдық. Бірегей демалыс орындарының аймағын абаттандырып, қызмет көрсету түрлерін кеңейттік. Қаржылық қолдау да бар», - дейді аудан әкімі.

Баянауылдағы Жасыбай көлінің туристік әлеуетін арттыру мақсатында заманауи прис салынып, субұрқақ орнатылды. Аумақ жарықтандырылып, көлді ңтабаны тазартылды. Сонымен қатар, жаңа туристік маршруттар дайындалды. Бүгінде олардың қатары 14-ке жетті. Аудандық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 5 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген.

«Қоңыр әулие үңгіріне баратын туристер саны өте көп. Сонымен қатар, туристер тарапынан Қола дәуіріне тиесілі ескеркіштер, Кемпіртас тауы, өлкедегі ең биік тау Ақбетке де қызығушылық жоғары. Эксурсиялардың бағасы қолжетімді. Биыл бір бағыттың бағасы 200 теңгеден 2000 теңге көлемінде бекітілді», - дейді мамандар.

Айта кетейік, биылғы жылы жауыр болған жол мәселесі шешімін табады. Биыл ауданға 6,5 млрд. теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетілуде. Қаражаттың бір бөлігі күре жолдарды салуға және жөндеуге бағытталады. Нақтырақ айтқанда, «Алексеевка-Жаңа жол – Ескелді шатқалы», «Жасыбай көлі – Торайғыр көлі», «Ақшаң-Баянауыл, «Қарашат-Жаңатілек» бағыттарындағы жолдар қалыпқа келтіріледі.

Айта кетейік, былтырғы жылы ауданда әуе жолдары жанданып, Қарағанды және Павлодар қалалары арасында әуе қатынасы іске қосылды. Сонымен қатар, Мырзашоқы тауының баурайында арқанды жол құрылысы жүргізіліп жатыр.

Фотосурет: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер