Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Баянауыл ауданындағы Мырзашоқы тау-шаңғы базасы алғашқы туристерді қабылдауға дайын. Тек қар тиісті мөлшерде жауса болғаны.
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Баянауыл ауданындағы Мырзашоқы тау-шаңғы базасы алғашқы туристерді қабылдауға дайын. Тек қар тиісті мөлшерде жауса болғаны.
Мырзашоқы тау-шаңғы базасының құрылысына демеушілер тарапынан 300 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, Баянауыл ауданының туристік әлеуетін арттыру мақсатында нысанның жанында тамақтаны және демалыс орындарын ашуға 40 млн. теңге қарастырылған.
Нысанның бас операторы Медет Жетпісбаевтың мәліметінше, аспалы жолдың жалпы ұзындығы 960 метрді құрайды. Оған екі адамға арналған 63 орындық орнатылған.
"Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында желдің жылдамдығын өлшеп отыратын арнайы құрылғылар орнатылған. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрден асса, аспалы жолдығ жұмысы тоқтатылады. Ал электр энергиясын беруде қиындықтар туындаса, осымша дизель генераторы бар. Кешен бір сағатты 600 адамды қабылдауға қауқарлы. Мырзашоқы тауының басына көтерілуге 11-24 минут уақыт кетеді деп күтілуде", - дейді Медет Жетпісбаев.
Баянауыл өңіріне туристерді көптеп тарту мақсатында келер жылғы туристік маусымда Баянауыл аймағына 200 мыңнан астам тынығушы келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, «Баянауыл-Алматы», «Баянауыл-Павлодар», «Баянауыл-Қарағанды» және «Баянауыл-Алматы» бағыттары бойынша әуе жолы ашылып, шағын ұшақтар жолаушы тасымалдайды. Әуе жолымен қоса Баянауыл ауданына апаратын күре жолдардың құрылысы аяқталды. Тас жолдар Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген. Саладағы тағы бір жаңалық – Баянауыл ауданының туристік әлеуетін арттыру мақсатындағы жол құрылысы. Жуық арада 206 шақырымдық жол қолданысқа беріледі. Бұл игілікке 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!