Биыл Баянауылға 200 мыңға жуық турист келеді – мамандар - Туризм|06 Маусым 2018, 22:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл Баянауылға 200 мыңға жуық турист келеді – мамандар

Фото: Автор

Баянауыл өңірінің жаңа туристік маусымына дайындығы сын көтермейді. Осындай пікірді салалық мемлекеттік мекемені сынға алған аймақ басшысы Болат Бақауов білдірді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Баянауыл жері мен Шарбақты ауданындағы Маралды көлі туристерді қабылдауға толық дайын емес болып шықты. Сол себепті облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Қанат Шәбенов қатаң сынға ұшырап, сөгіс алды.

Болат Бақауовтың айтуынша, бүгінгі күні Ертіс өңірінде 84 жаңа туристік бағыт әзірленген.

«Туристік маршруттарға лайықталған қонақүйлердің басым бөлігі Баянауыл ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Былтырғы жылы маусым айының 10 күніне дейін нысандардың барлығы дайын еді. Биылғы жылғы жұмыс сын көтермейді. Туристерді қабылдайтын орындардың дайындығы жоқ, тәртіп жоқ. Әр нысанды жіті тексеру керек», - дейді аймақ басшысы.

Бұған дейін Маралды көлін Ресейдегі Яровое туристік кешенге ұқсас дамыту жоспарланған еді. Ертіс өңірінің ең ірі тұзды көлінің суы мен табиғи батпағы шипалы. Сондықтан, туристер арасында жоғары сұранысқа ие. Айта кетейік, бұл жерге тынығуға демалыс күндері 2,5 мыңна дейін адам келеді. Мамандардың болжамынша, биылғы науқанда тынығатындардың саны 75 мыңға жетпек.

Дегенмен, бүгінгі инфрақұрылымы толық дайын емес. Алдағы уақытта жол құрылысы аяқталып, электр тарату желісі де толық іске қосылмақ. Бейқамдық танытқан сала мамандары осы туристік нысан үшін де сөз естіді. Оған қоса былтыр Баянауыл ауданындағы Мырзашоқы тауының баурайында ашылуы тиіс тау-шаңғы кешені әлі салынып жатыр.

«Аспалы арқанды мен шаңғы жолының құрылысына бір топ ұлтжанды азамат 300 млн теңге бөлген. Былтыр 160 мыңға жуық турист келіп тыныққан. Келесі жылы меймандар саны 200 мыңға жетеді деген болжам бар», - дейді мамандар.

Айта кетейік, Павлодар облысында негізгі бес туристік нысан бар. Олардың қатарында Баянауыл, Маралды көлі, Тұз-қала көлі, Шалдай орманы мен Павлодар қаласындағы ErtisPromenade жағажайы бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер