Астанада жаңа баламалы энергия көздерінің 50 объектісі жұмыс істейді - Туризм|26 Маусым 2017, 14:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада жаңа баламалы энергия көздерінің 50 объектісі жұмыс істейді

Фото: Абзал Қалиев

Елордада баламалы энергия көздерінің 50 объектісі орнатылған. Бұл туралы «Туризм және болашақ энергиясы» атты дүниежүзілік конференцияда елорда әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қалада баламалы энергия көздерінің 50 объектісі жұмыс істеуде. Мысалы, гүл бейнесінде жасалған «Smart flower» күн энергиясын энергияға айналдыратын құрал ноухау болды. Сонымен қатар автобус аялдамалары, бағдаршамдар, технологиялық орындықтар, парктер мен скверлердегі шамдар күннен қуат алады. Әрине, мұның барлығы шағын жобалар екені белгілі. Бірақ бұл жаңаша ойлау үшін қажет. Сондай-ақ бұл ірі жобаларды жүзеге асыру үшін негізгі іргетас болады. Біз ірі жобаларды да жүзеге асырып жатырмыз», - деді әкім.

Сонымен қатар Әсет Исекешев алдағы уақытта қаладағы шамдардың энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылатынын алға тартты.

«Ауқымды түрде қаладағы шамдарды энергиялық жағынан тиімді шамдарға ауыстыратын боламыз. Сонымен қатар кезең-кезеңмен әлеуметтік объектілер: мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда энергия үнемдеуге бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылады. Энергия үнемдеу институтымен энергия үнемдеу, оның тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді жоспар жасалды. Ал Экологиялық тұрақтылықты сақтау үшін бірқатар төмен көміртекті жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде төмен көміртекті көліктерге көшу де бар», - деп түйіндеді сөзін әкім.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер