Астана ЮНВТО қалалық туризмі бойынша жаһандық саммит өткізудің құқығын жеңіп алды - Туризм|19 Қыркүйек 2018, 10:59
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана ЮНВТО қалалық туризмі бойынша жаһандық саммит өткізудің құқығын жеңіп алды

Фото: Atameken Business Channel

2019 жылы қалалық туризм бойынша 8-ші саммитті Қазақстан астанасында өткізуді жеңіп алғаны туралы Оңтүстік Кореяның астанасындағы ЮНВТО қалалық туризмі бойынша 7-жаһандық саммит барысында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған 57 елден мыңдаған қатысушылар келді.

Бұрын форум әлемдік көрсеткіші жоғары туризмі дамыған Стамбул, Москва, Барселона, Марракеш, Люксор, Куала-Лумпур, Сеул сынды ірі қалаларда өтетін.

Туризм саласында осындай ауқымды деңгейдегі шараны өткізу Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бірінші рет болып тұр. Қала туризмі бойынша жаһандық саммит жылына бір рет (ЮНВТО) Бүкіләлемдік туристік ұйымының талаптарына сәйкес таңдалған қалада өтеді. ЮНВТО – бұл негізгі инициатор және әлем бойынша саммитті ұйымдастырушы. ЮНВТО 1975 жылдан бері туризмді дамыту саласындағы ең беделді ұйым. Ұйымның шығынын және бастамашы ретінде саммиттің барлық шығынын басқосуды өткізетін қаланың өзі көтереді.

Келесі жылы Астанада өтетін саммит біздің астананың туристік және МІСЕ-әлеуетін көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер