Арыстан мен қолтырауынның арпалысы: кім мықты? - Туризм|16 Мамыр 2017, 17:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Арыстан мен қолтырауынның арпалысы: кім мықты?

Ғаламторда арыстандар мен қолтырауынның арпалысы тарап, пайдаланушылар арасында қызу талқыға түсті. Су жыртқышы мен аң патшасының арпалысын бұл оқиғаға аяқ асты куә болған Ботсванда жүрген туристер түсіріп алған, деп хабарлайды Baq.kz.

Видеодан байқағанымыздай, екі арыстан Линьянти өзенін кешіп өтпек болып суға кіреді. Қақпанына түскен олжасына сонадайдан жүйітки жүзген қолтырауын арыстандардың біріне шабуыл жасайды. Оны құтқарамын деген келесісі қолтырауынның апанына түсіп, су астында із-түзсіз жоғалып кетеді. Ажалдан аман қалған екінші арыстан тез арада суға кірген жағасына қарай қайта жүзіп, қашып құтылады.

Туристер қолтырауынға сес көрсеткен арыстан сол күйі су астында қалып, ажал құшты деп ойлаған. Алайда бірер сәттен соң ол да су бетіне аман-есен жүзіп шығып, нағыз аң патшасы екенін дәлелдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Қыркүйек 2017, 09:07
Мексикада балық жауды
Пікірлер