Алматыдағы хайуанаттар бағы "бегемот келін" күтіп отыр - Туризм|08 Наурыз 2018, 19:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыдағы хайуанаттар бағы "бегемот келін" күтіп отыр

Бұл туралы хайуанаттар бағының инстаграмдағы парақшасында жазылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің "сүрбойдақ" бегемотымыз Джамбо мен Урман жолбарысымыздың аяғына көп ұзамай "тұсау түскелі" тұр. Лотти есімді бегемот келінді Франциядан алдырсақ, Урманның "қалыңдығы" Тайга Хабаровскден ұзатылмақшы" - деп жазады хайуанаттар бағының қызметкерлері өздерінің парақшасында.

Олардың айтуына қарағанда Тайга "келіннің" атқарар қызметі зор болмақшы. Ол келе салысымен әлемдік деңгейдегі Амур жолбарыстарын көбейту мәселесін "қолына алатын" көрінеді.

"Жас жұбайлардың алдағы өмірлерінен де хабардар болып тұруды ұмытпаңыздар" - дейді хайуанаттар бағының мамандары.

Наши холостяки бегемот Джамбо и тигр Урман ждут невест! Бегемотиха Лотти скоро приедет к нам из Франции. А наш Урман ждет красавицу Тайгу из Хабаровска. Семья тигров будет участвовать в глобальной программе по сохранению Амурских тигров. Следите за новостями о новых парах Алматинского зоопарка. #almatyzoo #zoo #almaty

Публикация от Алматинский Зоопарк (@almatyzoo)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер