Алматыда туризм саласын дамыту Мемлекеттік бағдарламасы талқыланады - Туризм|23 Қазан 2018, 20:32
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда туризм саласын дамыту Мемлекеттік бағдарламасы талқыланады

Алматы, BAQ.KZ. ҚР МСМ вице-министрі Ерлан Қожағапановтың қатысуымен азақстан Республикасындағы сырттан келу және ішкі туризмді дамыту Мемлекеттік бағдарламаның соңғы жобасын талықлау өтеді.

"Біз соңғы бірнеше ай ішінде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы сырттан келу және ішкі туризмді дамыту Мемлекеттік бағдарламасының жобасын және «Туристік қызмет мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын жасап шықтық. Елбасымыздың тапсыруымен осы уақытта біз нарық бойынша ұсыныстар жинадық, шетелдік мамандардан эксперттік пікір алдық, «ыстық желі» ашып, Мемлекеттік бағдарлама дайындау бойынша арнайы құрылған штабта мәселелерді ашық түрде талқыладық. Осы жұмыс нәтижесінде заң жобасын дайындау кезеңінде стейкхолдерлердің, оның ішінде салалық ассоциациялар, ғылыми қызметкерлер, туристік бизнес өкілдері, орталық мемлекеттік ұйымдар, акиматтар және ҚР «Атамекен» ҰКП түскен 300-ден астам ұсыныс негізінде біз негізгі алты бағытты айқындадық" - дейді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы..

Сонымен қатар ол Мемлекеттік бағдарламаның алты негізгі бағыттарын атады.

"Туристік инфрақұрылымды дамыту; Визалық және миграциялық саясатты либералдандыру; Туристік нысандар мен дестинацияларға көлікпен барудың қолжетімділігін арттыру; Туристік қызметтің маркетингін жүргізу және жылжыту; Мемлекеттік қолдаудың пәрменділігін арттыру және Қызмет көрсету стандарттарын және кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру. Осы бағыт бойынша 25 қазан, бейсенбі күні Алматыда, менің тапсырмам бойынша ҚР МСМ вице-министрі Ерлан Қожағапанов жоба жасаушы топпен Мемлекеттік бағдарламаның соңғы жобасын ұсынып, бағыттарының әрқайсына және заң жобасына жеке тоқталатын болады" - деді ол.

Маңызды құжатты талқылауға мәдениет саласының қызметкерлері, туристік қоғам, мемлекеттік ұйымдар өкілдері, БАҚ өкілдері және Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер