Алакөлдегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетілмек - Туризм|10 Тамыз 2017, 09:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алакөлдегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетілмек

Алакөл жағалауында бизнес нысандарын салып жатқан кәсіпкерлерге облыстық бюджет пен «Даму» қорынан қаржылай көмек көрсетілетін болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Алакөл жағалауына жасаған жұмыс сапары барысында мұнда іс бастағалы отырған кәсіпкерлерге тиімді ұсыныс жасады. Қазір көл маңында 147 демалыс базасы бар. Оның 113-і қызмет көрсетіп тұрса, 24-інің жұмысы талапқа сай емес деп танылған.

– Жаңадан іс бастағалы отырған, сондай-ақ жер алса да, абаттандыру жұмыстарын аяқтап үлгермеген кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсететін боламыз, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, бизнесмендерге облыстық бюджет пен «Даму» қоры арқылы сегіз жылға дейінгі мөлшерлемесі 6-8 пайыздық несие берілмек. Тек кепілдік болуы тиіс.

Айта кетейік, қазір облыс әкімінің мұндай ұсынысына бірқатар кәсіпкер қызығушылық танытуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер