Алакөл шетелдік саяхатшылар тынығатын демалыс орнына айналады - Туризм|10 Ақпан 2017, 14:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алакөл шетелдік саяхатшылар тынығатын демалыс орнына айналады

Алматы облысында Алакөлдің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Соңғы жылдары суы дертке дауа, жанға шипа болған бұл көлдің жағасына, әсіресе, ресейліктер көптеп келе бастады.

Алтай өлкесі мен Түменнен, Қорған және Новосібірден келушілердің қатары жыл сайын артып келеді. Оларға барынша жағдай жасау үшін өткен жылы Алматы қаласы мен Ақши станциясының арасында пойыз қатынай бастады. Қазір онда жаңа вокзал салынып жатыр.

Сондай-ақ Алакөл ауданының орталығы Үшаралда жаңа әуежай бой көтеруде. Әуе рейстері алдымен Алматы, Астана, Қарағанды, Үшарал бағыты бойынша қатынайды. Өткен жылы Алакөл жағасында 500 мыңнан астам адам демалған. «Ондағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары аяқталған соң, бұл көрсеткіш бірнеше есеге дейін артуы мүмкін», - дейді жергілікті атқарушы билік өкілдері.

Хабар 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер