Алакөл маңынан әуежай ашылатын болды - Туризм|18 Шілде 2017, 17:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алакөл маңынан әуежай ашылатын болды

Фото: Vox Populi

Алакөлдің жанындағы Үшарал қаласында əуежай ашылатын болды. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Достарым, жағымды жаңалықпен бөліскім келіп отыр. 21 шілде күні Алакөлдің жанындағы Үшарал қаласында əуежай ашылатын болды! Бұл, əрине, туристер санының ұлғаюына əкеп соғатыны сөзсіз.

Өздеріңізге белгілі, демалыс күндері біз Алакөл жағасында дуатлоннан жарыс өткіздік (жексенбі күндеріміздегі жұмыстың бір көрінісі). Логистиканың қиындығына қарамастан мыңдаған қазақстандық осы ғажайып сұлу көлге жол тартады. Жақында Үкіметіміздің туризм саласын дамыту туралы Концепциямызды қолдауы - ішкі туризмнің жоғары деңгейге көтерілуінің кепілі деп білеміз», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, Қазақстанның керемет сұлу табиғатын насихаттап, Алакөл сияқты айдынымызды мақтан тұтуымыз керек. Бұл жерде кең тыныс алып, спортпен айналысуға талпыныс туады екен.

«Сол себепті спортты насихаттау жəне туристерді тарту мақсатында дуатлоннан жарысты жылда өткізетін болып шештік. Дəл сондай іс-шараны көлдің Шығыс Қазақстан облысындағы жағалауында өткізуді жоспарлап отырмыз.

Осы жұмыс сапарында менімен бірге мəдениет жəне спорт вице-министрлері Сəкен Мұсайбеков жəне Асқар Баталов болды. Біз көл жағасындағы құрылыс нысандарын тексеріп, қолымыздағы мəліметтермен салыстырдық, енді курорт аймағын дамыту жұмыстарын нақтылауды жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды мәдениет және спорт министрі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Асқар Баталов туроператорлармен Алакөл үрдісін жандандыру тақырыбында семинар өткізген.

«Əрине, сыртта өткізілетін семинарлар пəрмендірек, мəселені сол жерде шешкен тиімді, алыстағы Астанадан шешу кейде қиындау соғады», - деп түсіндірді ол.

Министр сөз соңында «Алакөл – 2017» жарысының барлық қатысушысына алғысын білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер