Ақмолада әлемдегі ең үлкен кәуап қалай дайындалды - Туризм|01 Қазан 2018, 11:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмолада әлемдегі ең үлкен кәуап қалай дайындалды

Фото: Автор

Астанадан 200 км орналаскан Макинск қаласында жаңа құс фабрикасының ашылуына орай әлемдегі ең үлкен кәуап әзірленді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Тауық етінен ұзындығы 222 метр, ені 67 см, салмағы 450 кг болатын кәуап жасалып, әлемдік рекорд жаңарды. Гиннес кітабына кіру ережесі мен сәйкестігін Лондоннан келген қонақтар тексеріп отырды.

Кәуапты дайындауға жаңа фабриканың 300-ге жуық қызметкері атсалысты.

Естеріңізге сала кетсек, Астанадан 200 км қашықтықта орналасқан Макинск қаласында (Ақмола облысы) өндірістік қуаты жылына 25 мың тонна құс етін өндіретін фабрика ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Салтанатты рәсімге Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысқан

Жобаны 2017 жылдан бастап ҚДБ және ҚКМ тарапынан "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес қаржыландыру басталған. Банк 16,1 млрд теңге соммасын қарызға 10 жылдық мерзіммен берген. ҚКМ өзінің "Baiterek Venture Fund” АҚ еншілес құрылымы арқылы капиталға кіру жолымен 9 млн АҚШ долларын инвестициялады. Жергілікті xалықтың 800 адамы жұмыспен қамтылған.

Айта кетсек, Мәскеудің Талдом қаласында осыдан бір жыл бұрын ұзындығы 210 метр, салмағы 290 кг құрайтын кәуап дайындалып Гиннес кітабына енген болатын.

Фотолар: автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер