«Абылай ханның қара жолы» экспедициясының мүшелері кездесу өткізді - Туризм|27 Қыркүйек 2018, 21:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясының мүшелері кездесу өткізді

Көкшетауда XVIII ғасырдағы керуен жолының бойында өткен «Көкшетау - Ақмола - Ұлытау - Түркістан» бағытындағы «Абылай ханның қара жолы» кешенді экспедициясының бірінші кезеңі бойынша баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бурабайдағы Абылай хан алаңынан басталып қасиетті Түркістанға дейінгі жүріп өткен он күндік жолдан алған әсерлерімен барлау экспедициясының басшысы, қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік тарих институтының ғылыми қызметкері Жабай Қалиев, географ-биолог, картограф, жергілікті тарихшы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи мұражайының зерттеушісі Ғизат Табулдин және тарих ғылымдарының кандидаты, Мемлекет тарихы институтының жетекші зерттеушісі Қанат Еңсепов бөлісті.

Бұл жоба «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысының әкімшілі мен Мұрат қажы Ыдырысұлының, мемлекеттік тарих институттарының, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен басталды. Экспедиция бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Көкшетау, Бурабай, Ақмола, Қорғалжын, Баршино, Ұлытау, Жезқазған, Қызылорда және Түркістан сияқты қалалар мен елді мекендерді қамтыды. Жолды өту кезеңінде оның қатысушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанның этномәдени ландшафты объектілерінде орналасқан қасиетті орындардың, тарихи мұралардың ескерткіштерін картаға түсірді.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің атынан ұзақ жолды өтіп, үлкен жұмыс атқарған зерттеушілер тобына алғысын білдірді.

Экспедицияның қатысушыларына салтанатты түрде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың алғыс хаттары табысталды.

Өз кезегінде, экспедиция мүшелері облыс басшысына және кәсіпкерлерге назарлары және қолдауы үшін алғыстарын білдірді. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинге әрдайым саяхатшылармен бірге жүрген «Қазақ хандары және олардың ұрпақтары» кітабы, сондай-ақ қатысушылардың қолтаңбаларымен жалпы ұзындығы 3,5 мың шақырымды құрайтын жолдың картасы берілді.

Экспедицияның өткізілген кезеңінің қорытындысы бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Ақмола облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша монография шығарылып, «Абылай ханның қара жолы» деректі фильмі жасалады.

Бұдан бөлек, Қазақстанда теңдесі жоқ топографиялық карта құрастырылып шығарылады, мұнда Көкшетау және Ақмола облысының ландшафтың табиғи тарихи топонимдері қолданылатын болады.

Экспедиция 10 күн жолда болды. 27 қыркүйек күні облыс зиялылары зерттеушілерді Көкшетау қаласына кіре берісте салтанатты түрде қарсы алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер