15 маусымнан бастап Өскемен-Алакөл бағытына пойыз жүре бастайды - Туризм|26 Мамыр 2018, 17:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

15 маусымнан бастап Өскемен-Алакөл бағытына пойыз жүре бастайды

Бұл туралы ШҚО Туристік ақпараттық орталығы мәлімдеді. Туристік орталық бұған дейін де Өскеменнен Алкөлге пойыз 15 сағатта жететінін, билет бағасы плацкарт – 2800, купе 4000 — теңге болатынын айтқан. Алайда, ҚТЖ кестесінде аталған бағыт туралы ештеңе көрсетілмеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Пойыз 15 маусымнан бастап іске қосылады. Жол кестесі мамырдың соңына дейін дайын болады. Сонымен қатар, туристерді станциядан көл жағасына дейін жеткізетін автобус мәселесі де шешілген - делінген туристік орталықтың хабарламасында.

Әлемде теңдесі жоқ, шипалы Алакөлдің жағасы жыл өткен сайын көркейіп, туристер демалысы үшін жан-жақты жағдайлар жасалып, абаттандырылып келеді. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің мұрындық болуымен көлге баратын күре жолдар жөнделіп, көлік қатынасы ретке келтіріліп, демалушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жағалауға арбат, саябақ, субұрқақ салынып, санитарлық тазалық, қауіпсіздік мәселелеріне жіті көңіл бөліне бастады.

Жаңадан құрылған «Алакөл тазалық» мекемесі демалыс базаларына коммуналдық қызмет көрсетіп, жағалаудың тазалығына жауап беріп келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер