Цифрлық Қазақстан бағдарламасының экономикалық тиімділігі 2025 жылға қарай 2,1 трлн теңгені құрайды - Цифрлық Қазақстан|25 Қазан 2018, 11:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Цифрлық Қазақстан бағдарламасының экономикалық тиімділігі 2025 жылға қарай 2,1 трлн теңгені құрайды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов «Цифрлық экономика» Франция-Қазақстан форумында мәлімдеді.

«Цифрландыру өз ережесін енгізуде» деп сөзін бастаған ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанынна тоқталды.

«Цифрлық технологиялар үлкен инвестицияларды қажет етеді, алайда оның тиімділігі де зор. Бүгінде әлемде барлық елдер өздерінің цифрландыру күнтәртібін қайта қарауда. Франция Республикасыда өзінің ұлттық цифрлық стратегиясын үлкен ыждахаттылықпен жасақтады. Біздің білуімізше бұл өте сапалы құжат және онымен танысу барысында өзімізге керек тұстарды белгілеп алған болатынбыз. Біз 2017 жылдың желтоқсанында Елбасының тапсырмасымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жасақтап, енгіздік, аталған бағдарлама біздің локациялық ерекшелігімізді, халқымыздың мәдени құндылықтарын есепке ала отырып жасақталды», деді вице-министр.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жасақтау барысында негізгі бес бағытқа басымдық берілген.

«Біріншісі экономика салаларын цифрландыру. Бүгінде экономиканың барлық саласы заманауи цифрлық технологияларды қажет етеді. Екіншісі цифрлық мемлекет. Бұл мемлекет пен халықтың өзара қарым-қатынасын, мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасы барынша цифрландырылуы тиіс. Үшіншісі Digital silk way – бірінші кезекте инфрақұрылым, яғни осы инфрақұрылымға жүгіне отырып цифрландырудың барлық салалары жұмыс істейді. Төртіншісі адами капиталды дамыту. Бұл ең маңызды бағыттың бірі. Менің есептеуінше бұл еліміз үшін үлкен әлеует беретін басты бағыт. Ол адамның қаж жерде тұрғанына қарамастан өзін өзі дамытып, қалыптасуына мүмкіндік беретін сала. Бесінші бағыт инновациялық экожүйені құру. Біздің бүгінгі отырған кеңсеміз Astana hub осы жүйенің жемісі. Біз осы кеңсенің аясында түрлі салықтық жеңілдіктерді, визалық қолдауларды жасақтаудамыз», - деп тарқатты Дарын Тұяқов.

Вице-министрдің, аталған цифрлындыру бағдарламасы ел эономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

«2025 жылға дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасынан күтіп отырған экономикалық тиімділік 1,7 және 2,1 трлн теңге аралығында болады деп күтудеміз. Еңбек өнімділігі тау-кен өндірісі саласында 38,9%, қайта өңдеу саласында 49,8%, ірі және орташа кәсіпорындарда цифрлық технологиялар 11% артады деп күтілуде. Мысал келтіре кететін болсам ірі кәсіпорындарда модульды фабрикалар пайда болуда. Бұл ABM, Microsoft сынды ірі зертханалардың ресурстарын қолдануға мүмкіндік беруде. Жалпы біз мүмкіндігінше барлық салаларды рұқсат етілген межеге дейін барынша цифрландыратын боламыз», - деп түйіндеді Дарын Тұяқов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер