Цифрландыру бизнес процесінің жаңа үлгілерінің пайда болуына негіз болуда – вице-министр - Цифрлық Қазақстан|25 Қазан 2018, 12:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Цифрландыру бизнес процесінің жаңа үлгілерінің пайда болуына негіз болуда – вице-министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов «Цифрлық экономика» Франция-Қазақстан форумында айтты.

«Цифрландыру бизнес процесінің жаңа үлгілерінің пайда болуына негіз болып отыр. Бізде ашық цифрлық платформа жасақталып отыр. Бұл платформа бір смартфоннан барлық қызметтерді алуға мүмкіндік беріп отыр және ол жақсырақ сатуға септігін тигізуде. Жақында ғана Ереванға барған сапарымызда ЕАЭО-ға Қазақстан тарапынан осы платформаны таныстырдық. Біздің ұсынысымыз бес ел тарапынан өз қолдануын табатын болады деген үміттеміз. Ол интерациялық процестерге оң әсерін тигізетін болады», - деді вице-министр Дарын Тұяқов «Цифрлық экономика» Франция-Қазақстан форумында.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылға дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасынан күтіп отырған экономикалық тиімділік 1,7 және 2,1 трлн теңге аралығында болады деп күтілуде. Еңбек өнімділігі тау-кен өндірісі саласында 38,9%, қайта өңдеу саласында 49,8%, ірі және орташа кәсіпорындарда цифрлық технологиялар 11% артады деп болжануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер