BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәскеудегі қазақстандықтар eGov анықтамаларын екі минутта ала алады 

Мәскеудегі қазақстандықтарда қажетті анықтамаларды екі минуттың ішінде алу мүмкіндгі пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі BNews.kz порталына сілтеме жасап.

Енді қазақстандықтар Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімінде онлайн-байланыс арқылы «Электронды үкімет» (e-gov.kz) порталында жүзеге асырылған құжаттарды ала алады.

«Сервис жұмысын бастады. Оның көмегімен пайдаланушылар Мәскеуден шет шықпай-ақ, жеке куәліктерін ұсыну арқылы сотты болғаны немесе болмағаны туралы, жылжымайтын мүлікке арналған тіркелген құқықтары туралы және тағы басқа анықтаманы ала алады, электронды цифрлық қолтаңбасын растай алады, бизнесін тіркей алады», - деп түсіндірді елшілікте.

Мәскеудегі консул Бауыржан Ақатаевтың айтуынша, бұл қазақстандықтар үшін өте қолайлы болмақ.

«Ендігі ретте біздің консулдық бөлім барлық қажетті қызметті жедел көрсете алады», - деді Ақатаев.

Бұл жаңашылдық «Қашықтықтан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі мұндай қызмет түрі енгізілген Қазақстанның алғашқы шекарадан тыс мекемесі болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер