BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«ҚазАгро» несие берудің автоматтандырылған жүйесін іске қосты 

Бүгін ауыл шаруашылық техникасы тақырыбы аясында Астанада өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева холдингтің қызметтерін алуға онлайн тәртіпте өтініш жолдауды ұсынатын автоматтандырылған жүйені таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз холдингтің төрт еншілес компаниясында холдинг қызметтеріне, яғни, несие алуға, лизинг алуға және кепілдік алуға өтініш ұсынуға мүмкіндік беретін жүйе әзірледік. Ендігі ретте «ҚазАгро несиесі» порталы арқылы электронды түрде өтініш жолдау әдісімен аталған қызметтерді алуға болады. Интернет желісіне қосылған болсаңыз, өтінішті онлайн түрде үйіңізде, жұмыс орныңызда отырып-ақ жолдай аласыз. Бұл жүйені интернет-дүкен секілді барынша қарапайым етіп әзірлеуге тырыстық», - деген Мұхамадиева дөңгелек үстел қатысушыларын портал қызметтерімен таныстырды.

«ҚазАгро» өкілі онлайн тәртіпте өтініш жолдау кезінде қандай да бір мәселелер туындайтын болса, мұндай келеңсіздіктерді тез арада шешу жолдары да қарастырылғанын айтты.

«Әрине, кез-келген жүйемен жұмыс жасау барысында қиындықтар туындауы әбден ықтимал. Сондықтан, онлайн тәртіпте жүйеде call-орталықтың нөмірі, онлайн-көмекші мен хабарлама жолдау мүмкіндіктері қарастырылған», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер