BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда «Е-қылмыстық іс» жобасы жүзеге асырыла бастады

Қарағанды, BAQ.KZ. Қылмыстық процесті цифрландыру және Елбасының «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында айқындаған міндеттерді орындау мақсатында, Қарағанды облысында «Е-қылмыстық іс» жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты – қылмыстық сот ісін жүргізу барысын автоматтандыру, оның ашықтығын арттыру, материалдарды бұрмалау мүмкіндігін төмендету, материалдық, уақыттық шығындарды азайту, тергеу және сот органдарының жүктемелерін төмендету, іс материалдарына нақты уақыт режимінде қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Ол қылмыстық процестің барлық сатыларын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкімнің орындалуына дейін.

Бүгінгі күні қылмыстық қудалау органдары 230-дан астам қылмыстық істерді электрондық нысанда тергеп жатыр, олардың 50% (111) сотқа жолданған, 19% (42) ақтамайтын негіздермен тоқтатылған, қалғандары тергеу сатысында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер