BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Француз бизнесмендері Қазақстанда стартап жобаларын жүзеге асырады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Францияның төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ «Цифрлық экономика» Франция-Қазақстан форумында мәлімдеді.

Филипп Мартинэнің айтуынша, цифрландыру франциялық кәсіпорындарға 71% өсуге мүмкіндік берді.

«Біздің басты мақсатымыз Францияны халықтың игілігі үшін цифрлық революция бойынша чемпион ету болып отыр. Мәселен, 2022 жылға қарай біз барлық әкімшілік құжаттарды 100% автоматтандырмақшымыз. Бүгінде Францияның мақсаты Қазақстанмен үндесіп отыр. Францияда стартапттар өте көп, олардың саны шамамен 10 мыңдай. Жақын арада біздің стартаптар Қазақстанда да орналасады деген үміттеміз. Бүгінде француз стартап жасаушылары халықаралық аренада үлкен өсім көрсетуде және қаржы тартуда көш бастап тұр. Осылайша біздің жас кәсіпкерлеріміз 2018 жылдың қыркүйек айында 35 млн еуро тарта білді», - деді Филипп Мартинэ форум барысында.

Сонымен қатар, форум аясында «Эстония. Электронды үкімет іс жүзінде» кітабының тұсауы кесілді. Оның аясында ENA мемлекеттік басқару ұлттық мектебінің «инновация» бойынша өкілі Франсуа Вайнтроп Францияда цифлық технологияларды енгізу барысында кездестірген қиындықтарымен бөлісті.

«Өздеріңіз білетіндей осыдан біраз уақыт бұрын біз еліміздегі (Франциядағы - ред) 22 аймақты 16 аймақ ретінде қайта жасақтадық. Осы ретте, аймақтардың көлемі артқандықтан мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеу барысында қиындықтар туындады. Алайда цифрлық технологиялардың аясында оларды жеңе білдік. Өздеріңіз білетіндей цифрландыру дегеніміз ақпарат ағыны және оның көлемі цифрландыру тереңдеген сайын арта түседі. Сондықтан біз сұралатын ақпараттың санын мейлінше азайттық. Мысалы адамның туған күні керек болсын болмасын сұралады, осындай дүниелерді алып тастадық», - деген Франсуа Вайнтроп ақпараттың қорғалуы әлі де күнтәртібіндегі маңызды мәселе болып отырғанны атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер