BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Электронды еңбек биржасы арқылы 18 мың қазақстандық жұмысқа тұрды

2018 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылған www.enbek.kz порталы арқылы 18 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа тұрды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев электронды еңбек биржасының алғашқы нәтижелері туралы өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасының тапсырмасымен электронды еңбек биржасы www.enbek.kz атты онлайн алаң құрылды. Бұл портал адамдардың тез жұмысқа орналасуына және қазақстандық кәсіпорындарға, бизнесмендерге қажетті мамандарды тез табуына көмектеседі. Электронды еңбек биржасына 14 мың кәсіпорын, яғни жұмыс беруші тіркелді. Олар enbek.kz сайтында жеке кабинеттерін ашып, өздерінде бар бос орынды орналастырады. Порталға 35 жұмыспен қамту жеке агенттіктері, 4 онлайн алаң, өңірлердегі 199 жұмыспен қамту орталықтары қосылды. Бүгінде сайтқа келушілер саны жөнінен электронды еңбек биржасы екінші орында, шамамен күніне 10 мың адам жұмыс не жұмысшы іздеп, порталға бас сұғады», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл жоба былтыр пилоттық режимде іске қосылса, биыл қаңтардан бастап толықтай жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері порталға 49 мың түйіндеме келіп түскен. Қазірдің өзінде 18 мың қазақстандық электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс тапты.

«Деректер базасында ОҚО тұрғындары көптеп жұмыс іздейді, 49 мың түйіндеменің шамамен 15 мыңдайы осы өңірге тиесілі. Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстарының әрқайсысы 2 000 түйіндеме тастаған, ең аз жұмыс іздеушілер осы өңірлерде», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер