BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Ақмола облысында мемқызметтің 90%-дан астамы цифрландырылды

Ақмола облысы, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов атап өтті.

2017 жылы облыс тұрғындарына электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер мөлшерінің 78,3% құрағанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда аталған көрсеткіш 90%-дан асты. Сонымен қатар Департамент түрлі салалар бойынша халыққа қажетті консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелерін жиі өткізеді.

«Бұндай іс-шаралар азаматтардың жылдам әрі сапалы мемлекеттік қызмет алуына жағдай жасауымен тиімді. Тәжірибе көрсеткендей, жәрмеңкелер барысында облыс тұрғындары жер қатынастары, тұрғындық-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік сала, көші-қон және салық салу мәселелері бойынша қажетті көмек алады» - деп өз сөзінде Берген Беспалинов атап өтті.

Студент жастарды электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісіне тарту мақсатында Департамент бастамасымен оқу орындарында Студенттерге қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Оған қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың тиімді жемқорлыққа қарсы сасатты жүзеге асырусыз мүмкін емес екендігін атап өткен жөн.

«Бүгінгі таңда біздің қызметімізде жемқорлықтың алдын алу басым бағытқа ие. Біз жемқорлыққа қарсы мониторинг, жемқорлық тәуекелдерін талдау, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқты заманауи алдын алу шараларын қабылдаудамыз» - дейді Берген Беспалинов.

Спикердің айтуынша, жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың НҚА мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 76 ұсыным енгізілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Оның қорытындылары мемлекеттік жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа сапалы деңгейге көшкенін көрсетеді.

Қорытындылай келе, Берген Беспалинов Департамент қызметінің жағымды нәтижелерін атап өтті. Ағымдық жылы Департамент облыс әкімдігінің қолдауымен «Ақмола – адалдық алаңы» жобасын іске асыруда. Оған қоса облыста «Бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы жүзеге асуда. Қазіргі уақытта жалпы құны 1 трл. 194 млрд. теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба аталған сүйемелдеумен қамтылған. Сонымен қатар спикер әлеуметтік желілер арқылы азаматтардың өтініштерін қабылдауға мүмкіндік беретін «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы жөнінде сөз қозғады.

Өз сөзін қорытындылай келе, департамент басшысы 2019 жылға белгілі жоспарлар мен міндеттердің бар екенін және оларды жүзеге асыруға көп күш жұмсалатынын атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер