BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жидда қаласында ИЫҰ Сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысы өтті

Астана. 25 қаңтар. Baq.kz – Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов Жидда қаласында Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлер кеңесінің төтенше отырысына қатысты.

Сауд Арабия бастамалық еткен осы министрлер кездесуінің басты тақырыбы Тегерандағы Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің және Мешхедтегі Бас консулдығының шабуылға ұшырауына байланысты жағдайды талқылау болды.

А. Мусинов өз сөзінде өңірдегі екі жетекші мемлекеттер — Сауд Арабиясы мен Иран — арасындағы қатынастардың шиеленісуі тек Таяу Шығыс, Африка, Орталық Азияның ғана емес, сондай-ақ басқа мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына ықпал ететінін атап өтті; қақтығыс тараптарды, сонымен қатар басқа да мемлекеттерді конфессияаралық шиеленістің әрі қарай өршіп кетпеуі үшін тиісті шаралар қабылдауға, мемлекеттер арасында келісімді қамтамасыз ету мен дипломатиялық қатынастарды қайта қалпына келтіру үшін саяси диалог орнатуға және елдер арасында келіссөздер жүргізуге шақырды.

Осы орайда қазақстандық дипломат шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге шабуыл жасауға жол берілмеуі тиіс екенін, ал аккредиттеуші елдер Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті.

Терроризм мен экстремизмге қарсы күресті күшейту қажеттілігін айта отырып, А. Мусинов кездесуге қатысушыларды өткен жылы қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының міндерінен жарияланған, БҰҰ-ның қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру, сонымен қатар БҰҰ-ның терроризммен күрес жөніндегі мәселені тұтастай қамтитын құжатын әзірлеу және оны қабылдау туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбевтың бастамасын қолдауға шақырды.

А. Мусинов сондай-ақ бірқатар екіжақты, оның ішінде ИЫҰ Бас хатшысы Ияд Маданимен және Бахрейн, Сауд Арабиясы, Иран, Қатар, Түркия, БАӘ, Малайзия, Камерун, Кот д’Ивуар және тағы басқа делегация басшыларымен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында әртүрлі салаларда екіжақты қатынастарды дамыту жолдары талқыланды, халықаралық күн тәртібі мәселелері мен халықарылық ұйымдардың шеңберінде тараптардың өзара іс-қимылы жөнінде, оның ішінде 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдау бойынша пікір алмасу жүзеге асты. СІМ басшысының орынбасары ИЫҰ мүше мемлекеттерін Азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде ислам ұйымының Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясына және 2016 жыл 28 сәуірге Астанада жоспарланған, ИЫҰ-ның Ауылшаруашылық министрлерінің VII конференциясына қатысуға шақырды.

Мұсылман елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі 2016 жылдың сәуір айына Ыстанбұлда жоспарланған ИЫҰ-ның XIII Саммиті мен осы жылы наурыз айына жоспарланған Индонезиядағы палестина мәселесі жөнінде ИЫҰ-ның кезектен тыс Саммиті аясында өтті.

Қазақстан 1995 жылдан бастап ИЫҰ-ның толық құқықты мүшесі болып табылады. Ұйым құрамына 56 мұсылман елдері кіреді (ИЫҰ-ға Сирияның мүшелілігі 2011 ж. тоқтатылды). Біздің еліміз 2011 жылы маусым айында Астана қаласында өткен, ИЫҰ СІМК-нің 38-сессиясына төрағалық етті.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер