BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Жапондықтар селден қорғануға арналған құрылғылар ұсынып отыр

Астана. 23 қараша. BAQ.kz – Жапондықтар селден қорғануға арналған құрылғылар ұсынып отыр. Бұндай ұсынысты үкімет және жекеменшік сектор деңгейінде жоғары сапалы инфрақұрылым мәселелері бойынша өтіп жатқан Қазақстан-Жапония конференциясында TOKYO ROPE VFG.CO.,LTD. компаниясы жасады.  

Елордада өтіп жатқан конференцияда Қазақстанға жапондық компания тарапынан табиғи апаттардың алдын алу технологиялары ұсынылды.

«Біздің компания инженерлік құрылғыларды ұсынады. Алматы қаласында біздің жобамыз бар. Болаттан жасалған қиябеттер Алматыдағы Медеуде бекітілген. Олар селден қорғайды. Дегенмен, бұл жоба толығымен аяқталып біткен жоқ. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізудеміз», - дейді TOKYO ROPE VFG.CO.,LTD. компаниясының директоры Такеси Маруями.
Оның айтуынша, компания биылғы жазда сел жүрген Қарғалы өзенінің жағажайын бекітуге арналған өнімдер ауыр габиондарды ұсынады.

«Біз қорғаныс үшін әлемде теңдесі жоқ, жоғары технологиялық торды ұсынамыз. Олардан біз габиондарды жасаймыз. Олармен жағалауды бекітетін боламыз. Бұл өнімдер Жапонияда селге қарсы кең қолданылады. Біздің компания 1887 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, яғни компанияның 130 жылдық тарихы бар. Ұсынып отырған өнімдер өндірісі бойынша біздің 60-70 жылдан астам тәжірибеміз бар», - деді жапондық бизнес өкілі.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер