BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Венада Орталық Азия елдері мен Моңғолия елшілерінің кездесуі өтті

Астана. 25 қаңтар. Baq.kz – Венада Аустрия Парламентінің «Аустрия – Орталық Азия» депутаттық тобы мүшелерінің Орталық Азия мемлекеттері мен Моңғолияның елшілерімен алғашқы кездесуі өтті.

Қазақстанның Венадағы Елшілігінде Аустрия Парламентінің жақында құрылған «Аустрия – Орталық Азия» депутаттық тобы мүшелерінің Орталық Азия мемлекеттері мен Монғолияның елшілерімен алғашқы кездесуі өтті.

Аустрия және өңір мемлекеттері мен Моңғолия арасындағы өзара әрекеттесуі даму Парламенттік тобының мақсаттары болып табылады. Парламенттік топтың құрамына барлық фракцияның мүддесін қорғайтын аустриялық парламенттің депутаттары кіреді. Алайда, аталған топ өз қызметінде партиялардан үстем мүдделерді басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Сарыбай кездесуді ашу барысында Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық бойынша жеке топты құрғандығы үшін аустриялық парламенттік мүшелеріне алғысын білдірді. Қазақстандық дипломат аталған топтың тек Аустрия және жеке орталық-азиялық мемлекеттері арасындағы өзара әрекеттесуді дамыту ғана емес, сонымен қатар Орталық Еуропа және Орталық Азия деңгейіндегі аймақтармен ынтымақтасуды тереңдетуде. Сондай-ақ, Еуропа Одағы мен Орталық Азия кең қырларында да маңызды рөл атқаратынына назар аударды. Қазақстан бұл тұрғыда әртүрлі деңгейдегі интеграциялық үдерістердің дамуының жақтаушысы болды және әрқашан болады.

Парламенттік топтың басшысы, Аустрия Парламентінің депутаты Кристина Муттонен өз кезегінде Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық жетістіктері, сондай-ақ ҚР және Аустрияның Еуропа мен орталық-азиялық аймақтарындағы қауіпсіздіктің өзекті сындар тақырыбында ортақ тәсілдемелерін құруының маңыздылығы мен өзектілігін айрықша баса айтты.

Кездесу кезінде аустриялық депутаттық топ мүшелерінің Орталық Азия елдері елшіліктерімен одан әрі өзара әрекеттесуінің нақты бағыттары талқыланды.

Кездесу соңында қонақтарға Орталық Азия елдерінің ұлттық тағамдары ұсынылып, фуршет ұйымдастырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер