BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Венада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясы басталды

Астана. 26 ақпан. Baq.kz - Қазақстан тарапынан Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. Жыл сайын ақпанда Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясына мүше 56 елдің 300-дей парламентарийлері Венада бас қосады.
 

Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Бұл жолы назарға іліккен мәселе – Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал. Сирия мәселесі мен лаңкестік те сөзге негіз болды. Еуропаны дүрліктірген босқындарға қатысты дағдарыс туралы да айтылды. Сарапшылар: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі көші-қондағы дүрбелең осы», – деп отыр.

Илкка Канерва, ЕҚЫҰ Парламенті Ассамблеясының төрағасы - Парламенттік Ассамблея Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қарасты аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс жасауда. Мәселе көп. Мән-жайына да үңіліп отырмыз. Шешім табылуы тиіс. Ванкуверден Владивостокқа дейін түйіні тарқамай отырған мәселе көп, әрине. Қазақстандық делегацияны бастап барған Қасым-Жомарт Тоқаев ХХІ ғасырдың саясатында санкцияларға жол бермеу керек деген пікір айтты. Ол шектеулер қоюға тек БҰҰ-ның құқы бар. Десе де тек ерекше жағдайда қолданылуы тиіс дегенді айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламент Сенатының төрағасы - Мемлекеттер арасында алакөздік орнаса, ортақ мүддеге ұмтылу қиындайды. Лаңкестерге осындай жағдай тіпті ыңғайлы. Дамуына да мүмкіндік туады ғой. Сондықтан алдымен – ауызбіршілік, тіл табысуға ұмтылу. Міне, осыған мән берілуі керек. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы қауіпсіздік тақырыбындағы өзекті мәселелерді ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Ламберто Заньермен де кездесіп, талқылаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың лаңкестікпен күрестегі ортақ әлемдік жүйені жасау туралы бастамасы да айтылды. Бұл қиындық біткенді еңсеруге, жалпы бейбітшілік орнатуға негіз. Қасым-Жомарт Тоқаев австриялық және ресейлік әріптестерімен де кездесіп, парламентаралық байланысты нығайту туралы пікір алмасты. Ал Австрияның федералды президенті Хайнц Фишермен Вена мен Астана арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері тілге тиек болды.

Фото: parlam.kz
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер