BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.19 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.63 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

Ұлттық арнаның өкілдері қытайлық әрптестерімен кездесті

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның делегациясы Қытай Халық Республикасында іс-сапарда болып, Қытай Орталық Телевизиясының (CCTV) президенті Ние Чжэнсимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.kz.

Кездесу барысында бірлескен жобалар өндірісі және корпорациялар арасындағы тәжірибе алмасу бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ССТВ-7, ССТВ-8 және ССТВ-12 телеарналарының жетекшілерімен кездесіп, тараптар арасында бірлесіп телехикаялар, деректі фильмдер және жобалар өндіру бойынша келісім орнады.
Бұдан бөлек, сол телеарналардың продюсерлері және режиссерлерімен шығармашылық бірлестіктер арасындағы тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.

Ал, 17 мамырда «Қазақстан» РТРК» АҚ делегациясы Чанша қаласында орналасқан «Hunan TV» телерадикорпорациясына барды.
Бұл кездесуде Hunan TV президенті Лю Хуанбинь «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен ынтымақтастықты орнатуға үлкен қызығушылық білдірді. Келіссөздер жүргізіліп, тараптар болашақ жоспарларымен бөлісіп, бірлескен телеөнімдер мен көркем фильмдер өндірісі бойынша уағдаласты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер