BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

TWESCO мен Әзербайжан елшілігі халықаралық конференция өткізді

Астана. 6 мамыр. Baq.kz - Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) мен Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі бірлесіп, Астана қаласында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуындағы көшбасшылардың рөлі» атты халықаралық конференция өткізді. 

Салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ашқан TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі түркі тарихында ерекше орын алған тегеурінді тұлғалардың тағылымына тоқталды.

Келесі болып сөз алған Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің тәуелсіз Әзербайжан мемлекетін қалыптастырудағы орасан зор үлесі жөнінде баяндады. Бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастық, дипломатиялық байланыстар тарихы жөнінде де айтып өтті.

Сонымен қатар, алқалы басқосуда Түркітілдес мемлекеттер Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, профессор Әділ Ахметов Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толған түркі елдерінің дамуы жайында айтты. Ал, Білім және Ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркіт Аяған ұлт көшбасшыларының тарихтағы рөлі, оның ішінде Ататүріктің қайраткерлігі туралы сөз етті.

Түркітілдес мемлекеттер Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жиын соңында Әзербайжан елшілігі қатысушылар назарына Гейдар Әлиевтің өмір жолына арналған деректі фильм ұсынды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер