BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы жаңа Елшісін қабылдады

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстанға таяу күндері келген Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сенат Төрағасы Кемероводағы апатта қаза болғандарға байланысты көңіл айтты.

«Біз осы оқиғада құрбан болғандардың туыстары мен жақындарының орны толмас қайғылыларына ортақпыз», - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы В. Матвиенкоға көңіл айту жеделхатын жолдағанын айтты.

Жүздесушілер Астана мен Мәскеу арасындағы өзара сенім мен түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті. Оны қалыптастыруда мемлекет басшыларының рөлі зор екені айтылды.

«Біз В.Путиннің Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануын Қазақстан мен Ресейдің одақтастық қатынастары мен стратегиялық әріптестігін дамыту бағытының табысты жалғасатынына сенімді кепілдік ретінде қарастырамыз», - деді Сенат төрағасы.

Сенат Төрағасы екі елдің заң шығару органдарының өзара іс-қимылының келешегіне тоқталды. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясындағы тығыз байланыстар парламентаралық үнқатысудың маңызды құралы болып қызмет етеді.

Қ. Тоқаев биылғы 10-11 қазандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лилерлерінің VI Съезі туралы хабардар етіп, Ресейдің православ шіркеуі мен басқа да дәстүрлі діндердің жоғары өкілдерінің қатысатынына сенім білдірді.

Қ.Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен А. Бородавкинді құттықтады және Ресей Елшісі жоғары лауазымында ол біздің елдер арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қомақты үлес қосатынына сенім білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер