BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлері кездеседі

2018 жылғы 6 сәуірде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпаран агенттігі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспар бойынша, кеңес отырысында 13 құжаттың жобасы қаралады, олардың басым бөлігі Достастық аясындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мен қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне арналған. СІМК мүшелері шағын форматта өз құзыреттері аясында халықаралық және ТМД аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасады, сондай-ақ СІМК-тің кезекті отырысын өткізу орны мен күнін белгілейді.

Кеңейтілген отырыста Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында Сыртқы істер министрліктері арасындағы көпдеңгейлі консультациялар жоспарының іске асырылуы талқыланып, 2018 жылғы жоспар белгіленеді.

СІМК отырысында гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту аясында: 2021 жылды ТМД-да Сәулет және қала салу жылы деп жариялау, ТМД-ға қатысушы мемдекеттердің оқытушылары мен білім беру қызметкерлерінің Съезі туралы Ереже, «ТМД үшін 100 идея» халықаралық жастар жобасы, ТМД елдерінің салықтарды (қаржылық) тексеру органдарына кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттырудың базалық ұйымы сияқты жобаларды талқылау жоспарлануда.

Бұдан тыс, СІМК отырысында қаралатын мәселелердің жартысынан көбі Достастықтағы қауіпсіздік және жаңа сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл саласына арналады.

Еске сала кетейік, ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысын 2018 жылғы 6 сәуірде Минскіде (Беларусь Республикасы) өткізу туралы шешім ТМД СІМК-тің 2017 жылғы 10 қазанда Сочиде өткен отырысында қабылданған болатын


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер