BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенатта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы салыққа қатысты заң жобасы қаралды

Сенатта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы салыққа қатысты заң жобасы қаралды

Астана. 6 маусым. Baq.kz – Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

2011 жылғы 7 маусымда Астанада қол қойылған Конвенция инвестициялар салу үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған.

Конвенцияға сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеушіге бір рет – уағдаласушы мемлекеттердің бірінде ғана салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екінші мемлекет оған төленген салық сомасын есепке алуды ұсынады немесе салық салынатын жиынтық табыстан екінші мемлекетте салық салу жүргізілген сол бөлігін алып тастайды.

Сондай-ақ құжатта дивидендтерге, борыштық талаптардан алынатын табыстарға және роялтиге төмендетілген мөлшерлемелер бойынша табыс көзі пайда болатын мемлекетте салық салынуы мүмкін болатын ережелер көзделген.

Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер