BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенаторлар ҚХР Компартиясы Орталық Комитетінің делегациясымен кездесті

Астана. 28 қаңтар. Baq.kz – Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің делегациясымен кездесті, - деп хабарлайды Сенатты баспасөз қызметі.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәслелерін зерттеу жөніндегі орталық басшысының орынбасары Лун Гоцянды қарсы алған сенатор Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі – Қытаймен тату көршілік қатынастар қалыптастыру екенін атап өтті.

Лун Гоцян Қытайдың ішкі саяси өмірі мен экономикалық саясатының маңызды мәселелері туралы сенаторды хабардар етті.

Кездесуге сонымен қатар сенаторлар Михаил Бортник пен Елеусін Сағындықов та қатысты.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер