BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенаторлар Армения Елшісімен кездесті

Астана. 12-наурыз. Baq.kz – Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Армения Республикасының Елшісі Ака Саакянды қабылады. Кездесуге сонымен бірге сенатор Георгий Ким де қатысты, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Жүздесушілер екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін және Қазақстан мен Армения халықтарының арасындағы тарихи байланыстарды атап өтті. Одан басқа, олар парламентаралық өзара іс-қимыл, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық жобаларын іске асыру барысын егжей-тегжейлі талқылады.

Армения — солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпал етеді.

2008 жылдың соңына қарай Арменияда 3,3 миллион халық тұрды, халықтың орташа тығыздығының көрсеткіші 1 км2-ге 108 адамнан келді. Жер бедерінің күрделі болуы халықтың қоныстану сипатына да ықпал еткен: Армения халқының жартысынан астамы Арарат жазығында тұрады. Табиғи өсу жыл сайын қысқарып келеді, қазіргі кезде оның көрсеткіші 4‰-ге тең. Қала халқының үлес салмағы — 67%. Арменияны бірұлтты елдер қатарына қосуға болады, өйткені оның халқының 94%-ын армяндар құрайды. Басқа ұлттар арасында орыстардың, күрдтердің, грузиндер мен гректердің саны біршама.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер