BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенатор ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

Астана. 12-наурыз. Baq.kz – Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев Ресейдің Санк-Петербург қаласында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Депутаттар мен сарапшылар «Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану туралы», «Спортшылардың – спорттық құрама командалары мүшелерінің өмірі мен денсаулығын міндетті мемлекеттік сақтандыру туралы», «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өзара этномәдени іс-қимылының негіздері туралы», «Электронды үкімет туралы», «Электронды құжаттардың трансұлттық ақпараттық алмасуы туралы», «Арнаулы байланысты жөнелтулерінің мемлекетаралық алмасуы туралы», «Еріктілік (волонтерлік) туралы», «Туристік қызмет туралы» (жаңа редакция), «Интернетті реттеудің негіздері туралы» (жаңа редакция) үлгі заң жобаларын талқылады.

Комиссия отырысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туризмді реттеу саласында қолданыстағы халықаралық-құқықтық ережелерді ескере отырып, ұлттық заңнамаларын одан әрі жақындастыру жөніндегі ұсыныстар да көтерілді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер