BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенатор Грекия Елшісімен кездесті

Астана. 12-наурыз. Baq.kz – Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова Грекияның Қазақстандағы Елшісі Эфтимиос Пандзопулоспен кездесті, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Парламентінің екі палатасында Грекия заң шығару органымен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді. Сонымен бірге Грекия Парламентінде «Грекия-Қазақстан» достық тобы бар.

Сенатор Елшіні Астанада алдағы уақытта болатын ЭКСПО-2017 көрмесі туралы хабардар етіп, оған грек жағының белсенді түрде қатысатынына сенім білдірді.

Бүгін Бірғаным Әйтімова сондай-ақ, Еуразия Қауіпсіздігі Ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Орталығының Басшысы Наталья Заруднамен де кездесті. Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Депутат Қазақстан Парламентінің маңызды саяси әріптесі болып табылатын Еуразия Қауіпсіздігі Ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясымен сындарлы ынтамақтастықты одан әрі дамытуға біздің еліміздің мүдделі екенін жеткізді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер