BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенат вице-спикері вьетнамдық әріптесімен кездесті

Астана. 4 шілде. Baq.kz - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары Александр Судьин Вьетнам Ұлттық жиналысы Төрағасының Орынбасары Уонг Чу Льюмен кездесті.  

Кездесудің негізгі мақсаты - екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және заң шығару мәселелерін талқылау болды.
«Парламентаралық байланыстар екіжақты саяси үнқатысудың маңызды құрамы болып табылады. Екі елдің заң шығару органдары арасындағы байланыстар мен тәжірибе алмасуды нығайту қажет», - деп атап өтті А.Судьин.
Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес, халықтың әл-ауқатын көтеру, сондай-ақ елдің экономикалық өміріндегі нарықтық қатынастарды реттеуге бағытталған тиімді заңнамалық актілерді әзірлеу және іске асыру жөніндегі вьетнамдық әріптестердің тәжірибесіне қазақстандық депутаттар назар аударып отырғанын жеткізді.
А.Судьин Қазақстан Парламентінің заң шығару қызметі және құрылымы туралы айта келіп, «ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Мәмидің Вьетнамға алдағы жылғы сапары Қазақстан мен Вьетнам арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың табысты дамуына қуатты серпін беретіні» туралы пікірін айтты.
Уонг Чу Лью сондай-ақ екі елдің арасында дипломатиялық қатынастар орнаған 21 жылда әріптестік байланысты одан әрі ілгерілету үшін берік негіз қаланғанын атап өте келіп, екі ел парламентшілерінің арасындағы ынтымақтастықты белсенділендіру жайында айтты.
Кездесу барысында тараптар экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтамақтастық мәселелерін талқылады.

Серік Қаражан

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер