BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенат Төрағасы Халықаралық бейбітшілік институтының басшысымен кездесті

Астана. 17 наурыз. Baq.kz – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік институтының Президенті Терье Род-Ларсенмен кездесті, - деп хабаралайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Белгілі норвег дипломаты, БҰҰ Бас Хатшысының бұрынғы орынбасары және Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу жөніндегі БҰҰ-ның Арнаулы үйлестірушісі Т.Род-Ларсен өзі басқарып отырған Халықаралық бейбітшілік институтының сараптамалық қызметі мен жобалары туралы баяндап берді.

Жүздесушілер қазіргі замандағы халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және халықаралық құқықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ құбылмалы әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Масаеси Камохараны да қабылдады. Парламентаралық байланыстардың келешегі, сондай-ақ екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Жапония Премьер-министр Шиндзо Абэнің Қазақстанға жоспарланып отырған сапары Қазақстан мен Жапония қатынастарындағы маңызды оқиға ретінде өзара тиімділікке қуатты серпін беретін болады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер