BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Саксония федералдық жері Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Астана. 25 қаңтар. Baq.kz – Қазақстанның Герман Федералдық Республикасындағы Елшісі Болат Нүсіпов Саксония федералдық жерінің Премьер-министрі Станислав Тиллихпен екіжақты кездесу өткізді. Әңгіме барысында Қазақстан мен Саксонияның өңіраралық ынтымақтастығын кеңейту және сауда-экономиқалық қарым-қатынастарын тереңдету жөнінде мәселелер талқыланды.

Қазақстандық дипломат неміс тарапын Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформа, даму» Жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының, «Нұрлы жол – болашаққа жол» Жаңа экономикалық саясатының мәнмәтіндегі Қазақстанда өткізіліп жатқан реформалармен, сондай-ақ Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру шеңберінде инвестициялық мүкіндіктерімен таныстырды.

Саксонияның Премьер-министрі елімізде өтіп жатқан қоғамды және экономиканы жаңарту үдірісін жоғары бағалады. Неміс тарапы еліміздің инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, «шикізат орнына технологиялармен алмасу» формуласы шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Аталған мәнмәтінде С. Тиллих 2016 жылы Қазақстанға өңірдегі ірі кәсіпорындардың өкілдері кіретін Саксония экономикалық делегациясының сапары жоспарланғаны туралы хабарлады.

Саксония Шығыс Германияның қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі болып табылады. Мұнда дәстүрлі кен-тау, металургия, азық-түлік, химия өнеркәсібі, машина жасау, логистика және электроника салалары дамыған. Жергілікті компаниялар ГДР кезінен бері Қазақстанмен жақсы әріптестік байланыстар орнатқан. Кейбір Саксония кәсіпорындары Қазақстанда индустрияландыру жобаларына белсенді түрде қатысуда және Астанада өтетін «ЭКСПО–2017» көрмесінің ұйымдастыруына, сондай-ақ өткізуіне үлесін қосуға ниеттенуде.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер