BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресейдің Алматыдағы Консулдығы ҚР Ұлттық кітапханасына кітаптар сыйлады

Астана. 30 қаңтар. Baq.kz - Ресей Федерациясының Алматыдағы Консулдығы ҚР Ұлттық кітапханасына орыс әдебиетінің туындыларын сыйға тартты. 

"Әдебиет адамдарды біріктіреді және бір-бірін түсінуге, басқа елдің мәдениетін тануға жол ашады. Менің ойымша, әдебиет өзара түсіністікке, достыққа және ынтымақтастыққа бастайды", – деді Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Алексей Демин.

Кітапханаға классикалық әдеби туындылар мен қазіргі заманғы шығармалар тапсырылды.

"Мұндай шара дәстүрге айналған. Біз жыл сайын қаңтар айында Ресейдегі Студенттер күні қарсаңында кітаптар таратамыз. Кітапханашылардың өтінімдерін қанағаттандыруға тырысамыз. Негізінен көркем әдебиет туындыларын сыйға тартамыз", – деді консул. 

Фото: novostiliteratury.ru


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер