BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Ресейдегі Қазақстан Елшісі Ельцин Орталығының ашылуына қатысты

Астана. 27 қараша. Baq.kz - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Марат Тәжин Екатеринбор қаласындағы Борис Ельциннің президенттік орталығының (Ельцин Орталығы) ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты іс-шараға РФ Президенті Владимир Путин, РФ Премьер-Министрі Дмитрий Медведев, РФ Үкіметінің мүшелері, әлемдік саясаткерлер, белгілі ресейлік мемлекеттік және қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері келді.

Орталықтың бас мақсаты – Ресей тұңғыш президентінің тарихи мұрасын және дәуірін сақтау болып табылады. Архивті документтерін, фотосуреттерін, жасандыларын жандандыратын қазіргі заманғы мультимедиалы технологиялармен қамтылған мұражай Ельцин Орталығының негізіне айналды.

Одан басқа, орталықтың құрамына кітапхана, мұрағат, білім беру және балалар орталықтары, көрме залдар кіреді.

Б. Ельциннің президенттік орталығы Ресей Федерациясының «Өз өкілеттігін тапсырған Ресей Федерациясы президенттері тарихи мұраларының орталықтары туралы» 2008 жылғы 13 мамырдағы № 68-ФЗ федералды Заңына сай құрылған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер