BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.75
Астана:

Польша президенті Қазақстаннан көмек сұрады

Фото: Абзал Қалиев

Польша 2022 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізуге ниет танытуда. Осы орайда Польша Республикасының президентi Анджей Дуда Қазақстанды өз елінің кандидатурасын қолдауды сұрады. Бұл туралы ол Астанада өткен Қазақстан-Польша бизнес форумында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Қазіргі таңда Польша 2022 жылғы EXPO-ны өткізу үшін таласып жатыр. Аталған xалықаралық шараны біз Лодзь қаласында ұйымдастыруды көздейміз. Осы қаланың тарапынан өтінім бермес бұрын тыңғылықты дайындық жұмыстары атқарылды. Бұл жолы EXPO-да сіз бізді қарсы алсаңыз, 2022 жылы біз сізді қарсы аламыз деп сенемін. Әрине, Қазақстанның біздің өтінімді қолдайтынына да үлкен сенім артамыз», - деді Польша президенті.

Осы орайда Анждей Дуда 2022 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қандай тақырыпты таңдағанын айтты.

«Польша ЭКСПО көрмесі үшін постиндустриалды қалаларды дамыту мәселесін таңдады. Лодзь қаласы XIX ғасырда қаланған өндірістік шаһар. Бұл жерде бұрыннан қалған ескі ғимараттар мен тұрғын үйлер бар. Дегенмен, осының бәрін тариxи нысандар ретінде шебер көрсетсек, қалаға туристерді көптеп тартуға болады. Лодзь – соның бір көрінісі болса керек», - деді Анждей Дуда.

Айта кетейік, 2022 жылғы EXPO-ны өткізу құқығына Польшамен бірге АҚШ-тың Миннеаполис пен Аргентинаның Буэнос-Айрес қалалары бақтарын сынауда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер